Мониторинг-1


Бүгін, 4 сәуір күні, мектебімізде бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті. Комиссия мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тағамдардың сапасы мен құнарлылығын бақылап, оқушыларға ұсынылатын ас мәзірін талдады.
Тексеріс барысында тамақтың сапасына ерекше көңіл бөлініп, белгіленген стандарттарға сәйкестігі бағаланды. Оқушылардың дұрыс тамақтануы – олардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береміз!